Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Маңғыстауда электрмен және сумен жабдықтау саласында 4 жобаны іске қосу жоспарланған

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірі құны 195 млн теңгеге есептелген Жетібай жел фермасының құрылысы. «VES Service» ЖШС биыл екінші жартыжылдықта пайдалануға беретін жобадан 20 жұмыс орны құрылмақ. Екінші жоба - «Жетібай» жел электр стансасының құрылысы» Жангиз жел паркі.

Маңғыстауда электрмен және сумен жабдықтау саласында 4 жобаны іске қосу жоспарланған

Жобалық құны - 975 млн теңгелік құрылыс 10 жұмыс орнын ұсынып, 2020 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылмақ. Сондай-ақ тізімде «ОралМұнайПром» ЖШС шағын газ поршеньді электр стансалары негізінде «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС үшін электр энергиясын өндіру жобасы мен тәулігіне 17000 м3 өндірілетін суды тұшытатын қондырғының құрылысы бар.

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында пайдалануға берілетін электр энергиясын өндіру жобасының құны 5,439 млн теңге болса, 50 жұмыс орнын ұсынбақ. Ал құрылысын Қазақстан Республикасынан «Kazakhstan Water Solution Company» ЖШС мен серіктес тарап – қытайлық CITIC Envirotech Ltd. компаниясы жүргізетін су тұшытатын қондырғы 2020 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп күтіледі. Құны 21,400 млн теңге тұратын жоба 40 жұмыс орнымен қамтамасыз етпек.

 

Маңғыстау облысы