Облыс әкімі өңірлік филиал басшыларына тұрғындарды қоғамдық қабылдауды қазірше тоқтата тұруды тапсырды.
Сондай-ақ әкімдерге өздеріне сеніп тапсырылған елді мекендердегі жағдайды бақылауда ұстап, тұрғындардың талап, сұраныстарына дер кезінде құлақ асу қажеттігін айтты. Қазіргі ахуалға байланысты ел ішінде көптеген мәселе туындап, жаңа проблемалар пайда болуы мүмкін екендігін ескерткен Архимед Мұхамбетов:
- Облыстағы қала, аудан әкімдіктеріне онлайн режімде, партия филиалдарында орнатылған жәшіктер арқылы келіп түскен хаттарға дереу жауап беріп қана қоймай, халыққа мәселенің нақты шешімін ұсынуды қадап тапсырамын, - деді.
Қостанай облысы