Спорт • 26 Наурыз, 2020

УЕФА клубтар рейтингі: Қазақстандық командалар қай орында?

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуропа футбол қауымдастығы (УЕФА) 2020 жылғы командалардың рейтингін жариялады. Клубтардың рейтингі соңғы бес жылдағы Еурокубок бәсекелеріндегі нәтижелеріне қарап жасалған.

УЕФА клубтар рейтингі: Қазақстандық командалар қай орында?

УЕФА клубтар рейтингінің алғашқы үштігін Испания командалары ешкімге бермей тұр. Атап айтар болсақ, Мадридтің «Реал» командасы 134.000 ұпаймен рейтингтің көшін бастап келеді. Екінші орынды «Атлетико Мадрид» (126.000) иеленсе, үздік үштікті «Барселона» клубы (124,000) қорытындылап тұр.

Қазақстандық командалар арасындағы ең үздік көрсеткіш елорданың «Астана» командасына тиесілі. Былтыр Еуропа лигасының топтық кезеңінде сынға түскен «Астана» УЕФА клубтар рейтингінде 56-орынға жайғасқан.

2019/2020 жылғы Еуродода маусымы бойынша, Германияның «Бавария» мен Францияның ПСЖ клубтары 23.000 ұпаймен алғашқы орынды бөлісіп тұр. Үшінші орында тағы бір германиялық «РБ Лейпциг» клуб орналасқан. Еншісінде 22,000 ұпайы бар.

Қазақстандық командалар арасында әдеттегідей «Астана» командасы көш бастап келеді. 3.000 ұпай бар елорда командасы клубтар рейтингінде 78-орында. Алматының «Қайраты» 1,500 ұпаймен 147-ші, Шымкенттің «Ордабасы» клубы да дәл сондай ұпаймен 168-орынға тұрақтаған. Ал 1.000 ұпаймен Қостанайдың «Тобылы» 195-ші орында келеді.