Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

18 жастағы жоғалған қыз табылды

831 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 наурыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған 18 жасар қыз екі күн бойы іздестілуде еді. Полицияға арыз жазған анасының сөзіне қарағанда қыз қаланы дұрыс білмейтін көрінеді. Бұлардың отбасы Тараз қаласынан былтыр ғана көшіп келген болып шықты.

18 жастағы жоғалған қыз табылды

Қазір 18 жасар адам түгілі одан жас балалардың да адасып, жол таппай жоғалуы екіталай. Өйткені, бәрінің қолында қалтафон бар. Сондықтан тек отбасылық драманың кесірі немесе басқа бір себепті ғана үйден жоғалуы мүмкін. Қыздың шешесі, әрине, қыздың ешқандай басқа қылығы жоқ екенін, тек үйге себепсіз оралмағанын және үстіне киген киімдерін айтып шырылдаған. 

Петропавлдың полициясы екі күн бойы қастарына Lider.kz еріктілер қозғалысының белсенділерін қосып алып, аяқтарынан сарсылып, іздеу жүргізді. Алайда қыз 26 наурыз күні аман-сау, таныстарының үйінен табылды... Бізге хабар жеткізген полицияның криминалдық басқармасының қызметкерлері осы қуанышты хабармен ғана шектелген. Ал өзін екі күн бойы іздетіп, барлық полиция мен еріктілерді соңынан сарсылтып қойған қыздың қылығы туралы ештеңе айтылмайды. Біздіңше ақыл-есі дұрыс болса мұндай кәмелетке толғандардың өзі заң алдында жауап беруі керек қой.

Сонымен бірге Криминалдық полиция басқармасының мәліметіне қарағанда жыл басынан басынан бері іс-түссіз жоғалғандарды іздестіру туралы 38 өтініш түскен. Олардың бәрі «ізін суытпай» табылған.

ПЕТРОПАВЛ

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00