27 Тамыз, 2013

Депутаттарға жүктелер жауапкершілік зор

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жаңадан тағайындалған депутаттарымен кездесу өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

02-1 26-08

 

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жаңадан тағайындалған депутаттарымен кездесу өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев Конс­ти­туцияға сәйкес Парламент Се­на­тының 15 депутатын Мемлекет бас­шысы тағайындайтынын атап өтті.

– Тағайындалған Сенат де­пу­тат­тарының бір бөлігінің өкі­лет­тігі аяқталғандықтан, мен сіз­дер­дің Парламенттің жоғары палатасының депутаттары болып тағайындалғандарыңызды жариялау үшін шақырдым. Сіздерді жаңа орында жұмыс істеу үшін қажетті тәжірибесі бар лайықты кандидаттар деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы енгізілетін заң жобаларын жан-жақты зерттеуді, сындарлы пікірталас жүргізе білуді және әрдайым елдің мүд­десін қорғауға дайын тұруды талап ететін жаңа жұмыстың маңыз­дылығына тоқталды.

Жаңадан тағайындалған депутаттар Мемлекет басшысына сенім көрсеткені үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының тұрмысын жақсартуға бағытталған Сенаттың заң шығарушы қызметіне белсене атсалысатынына сенім білдірді.