Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Маңғыстауда мереке күндері 5 есірткі қылмысы тіркелді

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз айының басынан бері жедел іс-шаралар жүргізу барысында Маңғыстау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 50 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде соңғы мереке күндері – 5 факт. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда мереке күндері 5 есірткі қылмысы тіркелді

Мысалы, полиция қызметкерлері Ақтау қаласының тұрғынын анықтады,оны тексеру кезінде есірткі затына ұқсас зат бар қағаз орама табылды. Сараптама қорытындысы бойынша, тәркіленген зат 3,72 грамм салмағында есірткі заты екені анықталды. Осындай жағдай Жаңаөзен қаласында да орын алды. Полиция қызметкерлері көшеде қала тұрғынын ұстады, оны тексеру кезінде 3,24 грамм құрайтын марихуана тауып, тәркілеп алған. Түпқараған ауданының екі тұрғынынан да біреуі 10,6 және екіншісі 5,83 грамм құрайтын есірткі заты табылып, ұсталды.

Көбінесе полицейлер есірткі іздеу үшін иттерді пайдаланады. Ақтау қалалық ПБ полиция қызметкерлері жергілікті тұрғыннан есірткі заттарын тапты. Оларды іздеуде полицейлерге қызметтік итпен кинолог көмектесті. Тыйым салынған заттарды іздеу бойынша патрульдеу кезінде Чак атты ит санаулы минуттарда орнатты. Супермаркеттің жанынан өтіп бара жатқан кезде иттің мінез-құлқы күрт өзгере бастады. Сол уақытта ғимараттың жанында адам өтіп бара жатқан болатын. Полиция қызметкерлері азаматты тоқтатқан кезде Чак куртканың сол қалтасына белсенді белгі беріп, куәгерлердің қатысуымен азаматтан марихуанаға ұқсас өсімдік тектес зат салынған қағаз орамасы табылды. Есірткі зат тәркіленіп алынды.

Сараптама анықтамасы нәтижесінде есірткі затының салмағы 130 граммды құрады.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар