Абай • 27 Наурыз, 2020

Абай әнін Айбен шырқады

61 рет көрсетілді

Абай хакімнің өлмес өлеңдері Алашты асып, Түркия төрінде салтанат құруда. Ақын мерейтойын елімізден бөлек түркітектес халықтардың көбі атап өтіп жатыр. Мерейтойға тарту ретінде Түркияның опера әншісі Айбен Ерсой ұлы ойшылдың әнін әуелетіп, тіпті бейнебаян да түсірді. Бұл туралы газетіміздің сайтында алғаш жариялап, оқырмандарымызға Ұлыстың ұлы күні қарсаңында сүйіншілеген болатынбыз. Кейін ҚазАқпарат тілшісі, әріптесіміз Айжан Серікқызы әншімен сұхбаттасып та үлгерген екен.

Түркиялық эстрада жұл­дызы Айбен Ерсой өзінің Instag­ram-дағы парақшасында «Биыл маусым айында Қазақ­стан­ның астанасында ұлы ақын Абайдың 175 жылды­ғы құр­метіне фестиваль ұйымдастыру жоспарланған болатын. Шарт бойынша, әрбір елден келген қатысушы ұлы ақынның бір әнін шырқауы керек еді. Біз де Абайдың «Көзімнің қарасы» атты туындысын заманауи аранжировкада әзірледік. Өткен аптада Ыстанбұлдың ең көрікті жерлерінің бірі – Сұлтан Ахмет мешіті маңында клип түсірдік. Өкінішке қа­рай, қауіпті вирустың таралуына байланысты бұл жоба тоқтатылды. Алайда біз бас­та­ған ісімізді аяқтап, туынды­ны сіздермен бөлісуді жөн көрдік», деп жазыпты.

Сонымен бірге әнші Қаз­Ақпарат тілшісіне берген сұх­батында қазақ әнімен қалай танысқанын айтып берген. «Қазақстанға түрлі жоба бо­йынша бірнеше рет барғанмын. «Qazaqstan» ұлттық арнасы өткізген «Silk Way Star» бай­қауы­ның қазылар алқасына мүше болдым. Бұл керемет жоба болды. Онда тек камера ал­дында ғана емес, сахна сыр­тында да бауырларыммен ұмы­тылмас сәттер өткіздім. Сол кездері қазақ музыкасын естіп, біздің халық әндерімен ұқсас екенін аңғардым. Қазақ музы­касымен танысқан күні екі халыққа да осы сезімді жеткізіп, ертеден ұлан-ғайыр ау­мақта тамырымыздың ортақ бол­ғанын еске салғым келді. «Кө­­зімнің қарасы» әнін алғаш есті­­ген сәтте-ақ жүрегіме жет­ті. Бастапқыда сөздерді түсін­­бесем де, әннің не туралы еке­нін сезінгендеймін. Сон­дық­тан мен үшін Абайдың осы әні­н­ің орны бөлек», деді А.Ерсой. 

Қазір Айбен ханым Қазақ­стан сынды өзге де бауырлас халықтардың ұлттық ән­дерімен танысуға мүмкіндік беретін жобаларды жоспарлап жүргенін айта кеткен жөн. «Біздің әлем айналамыздағы нәрсені тез өзгертіп жатқанына қарамастан, біздің ішімізде өте құнды негіз бар. Біз – күн сайын өзімізді жаңа деңгейге көтеріп, үздіксіз дамитын жаратылыспыз және күн сайын өзімізді жаңа қырымыздан танимыз. Жаңа бағытқа ұмтыла отырып, біз Абай сияқты құнды негіздерді болашаққа жеткізуіміз керек. Абай сынды тұлғалар әлемді жақсылыққа бастау үшін туады. Әлемдегі бейбітшілік пен махаббат үшін ұлы ақынның мерейтойымен құттықтаймын», дейді түркиялық әнші.

Дана Абайдың адамзатқа ортақ тұлға екенін әнімен насихаттап жүрген талантты әнші Ерсойға елдің ықыласы ерекше деп білеміз. Қандас қарындасымызға үлкен өнер көгіне қаққан қанатың талмасын деп тілек айтамыз.

 

Соңғы жаңалықтар

Рубль бағамы құлдырады

Экономика • Бүгін, 17:20

Кәріз ауыстырудың тың тәсілі

Аймақтар • Бүгін, 13:37

Аптаның маңызды 10 жаңалығы

Қоғам • Бүгін, 11:00

Жапония Айда зауыт салады

Әлем • Бүгін, 10:40

Қандастарға әнмен тарту жасалды

Руханият • Бүгін, 09:21

XIV ғасырға тән кесене

Оқиға • Бүгін, 08:34

Zhasproject жұмысты жалғастыруда

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Адам өмірі үшін арашашы болды

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Жаман тұмау жайылмасын деп...

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Roland Garros турнирі басталды

Теннис • Бүгін, 08:03

Ұқсас жаңалықтар