Қоғам • 27 Наурыз, 2020

Жеті жұмыс күнінің ішінде шешіледі

1697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа әлеуметтік төлем жа­саудың ережесі Әділет министр­лігінде ресми түрде тіркеліп, қолданысқа енгізілетін болады.

Жеті жұмыс күнінің ішінде шешіледі

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «EQ»

Бұл мәселеде екі нәрсені жақсы түсініп алған дұрыс. Біріншісі, төтенше жағдай кезінде мәж­бүрлі түрде жалақысы сақ­талмайтын демалыста болуы­на байланысты табысын жоғалтқан Қазақстан азаматтарына төлем­дер беріледі. Яғни ол азаматтар жұмыстан біржолата босап кеткен жоқ, қазіргі жағдайға байланыс­ты жалақысы төлен­бейтін демалысқа жіберілген. Мұндай жағдайда бір қыз­меткерге 42,5 мың теңге көле­мінде әлеуметтік төлем беріледі. Екіншісі, жұмысынан боса­тылған, жұмыссыз қалған қыз­меткерлерге де ақша төленеді. Яғни жоғалған кірістің 40 пайызы мөлшерінде төлем беріледі. Төлем жасауға байланысты әр өңірде және республикалық маңызы бар қалаларда арнайы штабтар құрылған. Ол штабтарға жаңа төлемді аламын дейтін жұмыс берушілер, тағы да қайталап айтамын, жұмыскерлердің өздері емес, тек жұмыс берушілер өтініш береді. Штабтар ол өтініштерді қарап, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өткізеді. Корпорация тізімдегі азаматтардың құжат­тарын түгендеп, тексеріп, Мемлекеттік әлеуметтік сақ­тандыру қорына жібереді. Тізімдегі азаматтарға бұл әлеу­меттік төлемді берудің дұрыс немесе бұрыс екенін осы қор айтады. Осы процестің барлығы 7 жұмыс күнінің ішінде атқарылуы тиіс.

 

Бауыржан БЕЙСЕНБАЕВ,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің басқарма басшысы