Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Қарағанды ҚХА жастары қоғамдық көлік жүргізушілеріне сақтық құралдарын таратты

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Демалыс күндері «Жаңғыру жолы» жастар қозға­лысы облыстық штабының өкілдері мен еріктілер Қарағанды қаласының тұрғындарына медициналық бетперделер тарату акциясын өткізді.

Қарағанды ҚХА жастары қоғамдық көлік жүргізушілеріне сақтық құралдарын таратты

Соңғы күндері елдегі төтенше жағдайға байланысты,  қорғаныс құралына сұраныс артты. Дәріханаларда  бетперделер жетіспейді,  әрі бүкіл тұрғындарды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмай тұр.

Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері мата сатып алып,  бетперделерді тіксе, жас еріктілер оларды қала тұрғындарына таратып қана қоймай, сақтық шаралары туралы ақпараттандырды.

«Әлемді, елімізді алаңдатқан пандемияға байланысты сын сағатта құр текке отыра беру әсте жараспайды. Осындай кезде еріктілер жерлестеріне көмектеспегенде қай кезде көмектеседі.  Біз бүгін  автобус жүргізушілеріне де сақтық құралдарын тараттық. Қоғамдық көлік жүргізушілері – күн сайын халықпен ең көп байланыста болатын қоғамның осал топтарының бірі болып табылады ғой. Бұл шараны әрі қарай да жалғастыратын боламыз», дейді олар.