Алгоритмге сәйкес ол карантиндік стационарға жатқызылды. Зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша коронавирус инфекциясы анықталды.
Пациент инфекциялық стационарға жіберілген, оның жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуының жоғарылауы және коронавирустың басқа да белгілері байқалмайды. Коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу бекітілген хаттамаға сәйкес жүргізіледі.
Байланыста болған адамдардың қатары анықталып, карантинге алынды.