Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Белгілі блогер қонақ үй иелерін коронавируспен күресте бірге болуға шақырды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы жақын арада коронавирусқа қарсы күресу үшін қаладағы медициналық қызметкерлер, сондай-ақ шетелден келген карантиндік азаматтарды шаһарда орналастыру үшін қонақ үй жетіспеушілігі проблемасына тап болуы мүмкін.

Белгілі блогер қонақ үй иелерін коронавируспен күресте бірге болуға шақырды

Бұл туралы Instagram мен Youtube парақшасында белгілі қазақстандық блогер және бизнесмен Бейбіт Әлібеков хабарлады. Осыған байланысты ол жеке қонақ үйлер мен отельдерге иелік ететін барлық қазақстандықтарға Алматы қаласын қазіргі қиын уақытта қолдауға және карантиндік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз қонақ үйлерінен орын беру туралы үндеуге қолдау көрсетуге шақырды.

- Елдегі жағдай біздің әрқайсымыздан күш біріктіруімізді және тез әрекет етуімізді талап етеді. Қонақ үйлердің иелері қаланы қолдау арқылы вирусты жылдам жеңуге және қалыпты өмірге оралуға көмегін тигізеді, - деп атап өтті өз үндеуінде Бейбіт Әлібеков.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен күресу үшін қонақ үйден орын беру бастамасын қазақстандық кәсіпкер Айдын Рахымбаев көтерген болатын.

Алматы әкімдігі қаладағы медициналық қызметкерлер мен азаматтарды орналастыру үшін материалдық өтемақы бөлуге дайын екенін айтқан болатын. Бұл дағдарыс кезінде көптеген қонақ үйлер бос тұрған шақта және олардың қызметкерлері жалақысыз қалған уақытта қонақ үй иелерінің бизнесін қолдауға өз септігін тигізбек.

АЛМАТЫ