Қазіргі таңда ҚР ҚК арнайы бөлімшелерімен залалсыздандыруға автобус аялдамалары, жаяу жүргіншілер жолы мен автокөліктердің тұрақтары жатады. Іс-шараларды жүргізу үшін жеке құрам арнайы техникамен, газсыздандыру қорғаныс жиынтығымен және залалсыздандыру ерітінділермен қамтамасыз етілген.
- Біздің басты мақсатымыз – инфекцияның таралуын тоқтату. Коронавирустың жаңа түрі ауада 3 сағаттан астам, ал заттардың үстінде 48 сағат сақталып, ауа-тамшы жолымен жұғу қауіпі жоғарылайды. Сондықтан көшелер мен қоғамдық орындарды залалсыздандыру коронавируспен күрестегі маңызды жұмыс. Бүгінгі таңда жалпы көлемі 1 млн 329 м2 құрайтын 81 нысан залалсыздандырылып, аталған жұмысқа 500-ге жуық адам және 24 «АРС-14» автоқұйылмалы стансалары тартылды, - деп атап өтті майор Алмас Қасымханов.
Бүгінде Алматы қаласының айналасында қойылған 21 блокбекетте карантин режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларына 230-ға жуық әскери қызметші қатысуда.
АЛМАТЫ