Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

2 миллион теңгенің ұрлығы ашылды

731 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының аяғында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының бір тұрғыны үйіне ұры түсіп, шағын сейфті көтеріп кеткені туралы шағымданған болатын. Белгісіз қылмыскер үйдің есігіндегі құлыпты жұлып тастап, алып кеткен сейфте 2 миллион теңгеден астам қаражат пен алтын бұйымдар болған екен.

2 миллион теңгенің ұрлығы ашылды

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Полиция қызметкерлері екі ай бойы ізге түсіп, барлық болжамдарды індеткен. Келіп түскен ақпараттар мен бейнекамералардан алынған жазбаны салыстыра отырып, сондай-ақ көзге түскен барлық көлік құралдарын тексерген тергеушілер Көкшетау қаласының 1967 жылы туған, бұрын мүліктік қылмыстар үшін сотталған тұрғынының ізіне түсті. Күдік расқа айналып, жедел-тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қымыскер лақтырып жіберген сейф пен ұрланған заттардың бір бөлігі табылды.

Уәлиханов ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Марат Әлжановтың айтуынша, күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол келтірілген шығынды тергеу барысында өтеген.

 

Солтүстік Қазақстан облысы