Коронавирус • 27 Наурыз, 2020

Коронавирустан көз жұмған әйел Алматы және Шу қалаларында қонақта болған

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов мәлімдеді.

Коронавирустан көз жұмған әйел Алматы және Шу қалаларында қонақта болған

«Өлімнің себебі екі жақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі, қант диабеті, гипертониялық ауру және атеросклероз фонындағы сепсис болды. Пневмонияның себебі-коронавирус. Медициналық мекемеге әйел 25 наурызда таңғы 7-де тыныс алу жетіспеушілігіне, интоксикация синдромына, ілеспелі патологиялардың болуына байланысты ауыр жағдайда жедел медициналық жәрдеммен жеткізілді. Алгоритмге сәйкес, COVID-19-ға күдікті ЖРВИ-ға алдын ала шұғыл хабарлама берілді. Целиноград ауданының ККБТУ бойынша жеке изолятордағы №2 МОБ реанимациялық бөліміне жатқызылды. Туысқандарының айтуы бойынша, ЖРВИ мен КВИ науқастарымен байланыс болмаған, шетелге шықпаған. 13-17 наурыз аралығында Алматы мен Шу қалаларында қонақта болды», - деді Сүлен Ілиясов.