![Түркістандық кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 10 миллион теңге бөлді](/media/2020/03/27/crop-23_15_661x991_ertaev-s.jpeg)
«Nur Otan» партиясының мүшесі, бұған дейін де бірнеше отбасыға үй салып беріп, қайырымдылығымен танылған кәсіпкер індетке қарсы күресте елге көмектесуді азаматтық, перзенттік парызы деп санайды. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Үндеуінде кәсіпкерлерге маңызды ой тастады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Біз әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындасақ, бұл қиындықтан тезірек шығамыз», деді. Ендеше әр азамат төтенше жағдайдағы ережені сақтап, ресми өкілдер мен дәрігерлердің ескертпелерін орындағаны жөн. Біз бірігіп, бұл қиындықты да жеңіп шығамыз», дейді Сырым Ертаев.
Түркістан облысы