Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Елордада орналасқан облыстық аурухана карантинге жабылды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елордада орналасқан облыстық аурухана карантинге жабылды

Манас көшесінде орналасқан №2 көпсалалы облыстық аурухана карантинге жабылды. Байланысқан адамдар карантинге жіберілді. Орынжайдың барлығына дезинфекция жасалды. Науқастарға келуге тыйым салынды.


Сонымен қатар, №1 автобус паркі де карантинге жабылды. Автопарктың барлық аумағына, автобустарға дезинфекция жүргізілді. Байланыста болған кісілер стационарға жіберілді.