Коронавирус • 27 Наурыз, 2020

Ismet.kz арқылы көліктердің қозғалысы мен блог-посттарды білуге болады

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайға байланысты кейбір көлік тасымалдары жабылып, кейбірі кейінге шегерілуде. Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақтелеком және Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп www.ismet.kz сайтында жаңадан интерактивті карта жасау арқылы көлік қозғалысын онлайн қарауға мүмкіндік туғызды. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев министрліктің арнайы өкілі Диас Ахметшәріпке берген сұхбатында айтты.

Ismet.kz арқылы көліктердің қозғалысы мен блог-посттарды білуге болады

«Халық үйден шықпай-ақ барлық көлік қозғалысын онлайн қарай алады. Онда әуе рейстері, темір жол, автокөлік тасымалы бойынша ақпараттар қамтылып қана қоймай, қандай блок-посттар бар, олар қай жерде орнатылған, одан өту үшін қандай құжаттар керек, қандай көлікпен кіруге болады деген ақпараттарды да алуға болады. Бұл ресми сайт», деді Олжас Әбішев.

Сонымен қатар «Көлік ақпарат» парақшасында шұғыл желі нөмірлері де бар. Олар орталық шұғыл желі, облыстар мен қалалар бойынша call-орталықтар болып бөлінген. Картамен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.ismet.kz/ru/coronavirus