Жергілікті полиция қызметінің бастығы Құрмет Мәжікенов төтенше жағдай режімі жарияланғалы, жалған ақпарат таратқаны үшін осымен төртінші адам қылмыстық жауапқа тартылып отырғанын атап өтті. Оның ацйтуынша, облыста көлік қозғалысына ешқандай шектеу қойылмаған. Тек Қостанай-Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы күре жолдың бойына патруль қызметі қойылып, тәртіп сақшылары жолаушыларға жұқпалы індетке қарсы ел ішінде жүргізіліп жатқан іс-шаралардың мән-жайын түсіндіріп, аталған екі қалаға кіруге және шығуға тыйым салынғанын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Полиция облыс тұрғындарын әлеуметтік желілер арқылы толассыз тарап жатқан жел сөзге иланып, бекерге дүрлігуден сақтануға үндеді. Сондай-ақ, ресми ақпаратқа ғана сену керектігін ескертті.
Қостанай облысы