Спорт • 27 Наурыз, 2020

Игита – әлемнің төрт дүркін үздік қақпашысы атанды

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Алматының «Қайрат» клубының қақпашысы Игита төртінші рет жылдың үздік қақпашысына берілетін Futsal Planet Awards-2019 сыйлығын жеңіп алды.

Игита – әлемнің төрт дүркін үздік қақпашысы атанды

Әлемнің түрлі елдерінен 244 респондент қатысқан дауыс беру нәтижесінде 693 ұпай жинаған қазақстандық қақпашы үздік деп танылды. Екінші орынды 673 ұпай жинаған испаниялық Хуанхо иеленсе, үздік үштікті бразилиялық қақпашы Гуитта 655 ұпаймен түйіндеді. Айта кетейік, Игита бұған дейін бұл сыйлықты 2015, 2016 және 2018 жылдары да иеленген болатын.

Ал үздік бас жаттықтырушы аталымында Қазақстан ұлттық құрамасы мен Алматының «Қайрат» клубының бас бапкері Кака үздік үштіктің қатарынан көрінді. «Барселона» (Испания) бас жаттықтырушысы Андреу Плаза Альварес 689 ұпаймен бас жүлдені жеңіп алса, Нуно Сержио Дос Сантос Диас («Спортинг», Португалия) 602 дауыс жинап, екінші орын иеленді. Каканың еншісінде 492 ұпай бар.