Спорт • 27 Наурыз, 2020

Баскетболдан ВТБ лигасы тоқтады

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың «Астана» баскетбол командасы бақ сынайтын Біріккен ВТБ лигасы әлемді шарпыған коронавирус пандемиясына байланысты биылғы біріншілік өз мәресіне жеткенін хабарлады.

Баскетболдан ВТБ лигасы тоқтады

Бұған дейін ВТБ лигасының матчтары 10 сәуірге дейін уақытша тоқтаған болатын. Лигада 18 ойын өткізген «Астана» командасы 25 ұпаймен 10-орында келе жатқан болатын. Турнирге жалпы саны 13 команда қатысып жатқан-ды.

Айта кетейік, бүгінде коронвирусқа байланысты бірқатар ірі жарыстар кейінге шегерілсе, кейбір жарыстар мүлдем тоқтады. Жуырда ғана елорданың «Барыс» хоккей клубы бақ сынайтын Құрлықтық хоккей лигасы да Гагарин кубогы жолындағы жарысты мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.

Сонымен қатар вирус қаупінен УЕФА биылғы Еуропа чемпионатын тоқтатса, Халықаралық Олимпиада комитеті 2020 жылғы Токио Олимпиадасын 2021 жылға шегерген-ді.