Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Қостанай облысы: Жалған ақпарат таратқан адам кешірім сұрады

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін ватсап мессенджері арқылы 29 наурыздан бастап Қостанай,  Лисаков, Рудный, Тобыл қалалары карантинге жабылып, облыстың барлық күре жолдарындағы көлік қозғалысына тыйым салынады деген жел сөзді таратқан  28 жастағы ер адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны туралы хабарлаған едік.  Азамат Меңдіқара ауданына қарасты Қасқат елді мекенінде тұрады, есімі Владимир екен.

Қостанай облысы: Жалған ақпарат таратқан адам кешірім сұрады

Полиция департаменті бұл азаматтың Қостанай облысының тұрғындарынан кешірім сұрағанын мәлімдеді. Ол әлеуметтік желіде жарияланған ақпаратты дұрыс түсінбей қалғандықтан, білместікпен дүйім елді дүрліктірген жаңсақ хабар таратқан. 

Елді де, өзін де әуреге салған азамат енді бүгінгідей ауыр кезеңде жұртты  сабырға шақырып, жалған ақпаратқа иланбауға, тек ресми ақпараттарға сенуге үндеді. Көпшілікке арнаған бұл кеңесін ол бейнежазба арқылы таратқан.

Полиция аталмыш дерекке қатысты тексеру жүргізіп жатыр.

Қостанай облысы