Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Түркістан: 2481 нысанда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында мекеме қызметкерлерін санитариялық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық режимде жұмыс істеуге бейімдеу мақсатында оқыту сабақтары жүргізілуде. Сондай шараның бірін «Ұлттық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы» мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» және «Ақпараттық талдау орталығы» КММ бірлесіп ұйымдастырды.

Түркістан: 2481 нысанда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді

Сабаққа аталған орталықтардың қызметкерлері мен ерікті жастар қатысты. Айта кетелік, өңірде қазірге дейін адам көп шоғырланатын 2481 нысанда қорытынды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде базарлар, халыққа қызмет көрсету, сауда орталықтары, тамақтану нысандары, жалпы білім беретін мектептер, интернаттар мен мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мекемелері бар. Сондай-ақ, 3 балалар үйі, 29 орта және жоғары оқу орындары, 285 емдеу алдын алу мекемелері, 5 оңалту орталығы, 135 дәріхана, 28 автовокзал, 85 діни мешіт, 39 монша, 6 саябақ, 6 мал базар, 323 қоғамдық көлік те дезинфекциялаудан өткен.

Түркістан облысы