27 Тамыз, 2013

Қанымызға жат эксгумация неліктен көбейіп кетті?

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эксгумация

Соңғы кездері қазаққа жат, жер қойнына берілген денені қайта қазып алу, яғни эксгумация көбейіп кетті. Оған мүрдеге дер кезінде сараптама жүргізілмеуі себеп болып отыр. Екі жыл бұрын соққыға жығылып, пышақталған, соңынан ота үстінде қайтыс болған Болдырған Қалибекованың ұлына да жақында ғана эксгумация жасалған екен. Бұл туралы «31» телеарна хабарлады.

Б. Қалибекованың айтуынша, баласын өлтіргендер бостандықта жүр. Олар жесір қалған келіннің туыстары көрінеді. Сондықтан ол екі жарым жыл бойы құқық қорғау органдарының табалдырығын тоздырған. Қайтыс болған баласы денесінің сау жері қалмағанын биыл оған эксгумация жасаған сарапшы мамандар да дәлелдеп отыр. Енді жаңа табылған айғақтар бойынша тергеу амалдары қайта жүргізіледі.

Данияр Түймебай.