Коронавирус • 27 Наурыз, 2020

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 145-ке жетті

1296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында вирус жұқтырған тағы  6 адам, Ақмола облысында 2 адам тіркелді.  Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 145-ке жетті

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 75 адам, Алматы қаласында – 50 адам, Қарағанды қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Ақмола облысында - 3 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Атырау облысында - 3 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында 1 - адам, жалпы 145 науқас тіркелді.