Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

iKOMEK орталығына күн сайын 29 мыңға жуық өтініш түседі

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

iKOMEK орталығына күн сайын 29 мыңға жуық өтініш түседі

Күн сайын iKOMEK орталығына 7 мыңнан 29 мыңға жуық өтініш түседі. Бұған қоса,  әкімдіктің коммуналдық кәсіпорындары мен басқармаларына тағы 6 мыңға жуық мәселемен тұрғындар жүгінген. iKOMEK орталығына 1800-ден астам қызмет түрлері шоғырландырылған. Барлық өтініштер түгелдей қаралып, тіркеу нөмірімен тұрғындардың өтініштер тізіміне енгізіледі. Бұдан соң мемлекеттік және коммуналдық қызметтерге жолданады.

«iKOMEK орталығы елорданың тіршілік әрекетіне қатысты мәселелер бойынша өтініш қабылдауды жалғастыруда. Бұл бағыттағы жұмыстар әдеттегідей іске асырылып жатыр. Алайда, қазір болып жатқан жағдайларға байланысты барша қала тұрғындары мен қонақтарын өтініш беруде цифрлық тәсілдердің мол мүмкіндіктерін қолдануға шақырамыз»,- деді iKOMEK қалалық орталығының жетекшісі Жаннат Дубирова.

Мейлінше ыңғайлы болу үшін өтініштерді Facebook, Instagram, Telegram-бот әлеуметтік желілері немесе Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты арқылы жіберу мүмкіндігі жолға қойылған. iKOMEK109 бірыңғай байланыс-орталығы 2018 жылы іске қосылды. Осы уақыт аралығында астаналық тұрғындардан 3 млн 300 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Елорда әкімдігінің бірыңғай байланыс-орталығына тұрғындар қала тіршілігіне қатысты мәселелер бойынша хабарласады. Әкімдікке қарасты барлық 752 ұйым бірыңғай байланыс орталығына біріктірілген.