Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

Ақтауда рейдтік тексерулер жүйелі жүргізіліп жатыр

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облысының кәсіпкерлік басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Әли Сәрсенов брифингте мәлімдеді.

Ақтауда рейдтік тексерулер жүйелі жүргізіліп жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 16 наурыздан бастап ел аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай жарияланғаны мәлім.

Осыған байланысты сауда объектілеріне қатысты уақытша шектеулер қойылды. Атап айтсақ, ірі сауда орындарына сағат 10:00-нан 18:00-ге дейін, тұрмыстық тауарлар мен киім-кешек сататын базарлардың жұмыс уақыты сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін шектелді.

-Дәмхана мен мейрамханалар 22:00-ге дейін ғана жұмыс жасайды, бұл ретте келушілердің саны 50 адамнан аспауы керек. Бүгінгі таңда облыста 592 сауда орындары жұмыс жасайды, оның ішінде 2 гипермаркет, 71 супермаркет, 490 минимаркет пен 29 базар бар. Сауда орындарында азық-түлік жеткілікті, тауарлар тапшылығы жоқ. Әлеуметтік маңызы бар тағам түрлеріне бағаны тұрақтандыру мәселесі үнемі бақылауда тұр. Ең бастысы, кәсіпкерлердің қоғамдық орындар мен ғимараттарда тұрақты түрде санитарлық-дезинфекциялық іс-шаралардың жиі жасалып тұруына жауапты болуын сұраймыз. Рейдттік тексерулер жалғасуда. Бастапқыда ескерту беріледі. Екінші рет қайталанса, тәртіпке бағынбағандар әкімшілік жазаға тартылады, дейді Ә.Сәрсенов.

Маңғыстау облысы