- Ел аумағында коронавирустың өршуіне байланысты Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-қорғаныс жедел құтқару» жасағы облыс орталығының халық көп жүретін даңғылында инфекция таралмауы үшін осындай шара өткіздік, - дейді Орал қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы А. Қадыров.
Мамандардың айтуынша, коронавирус ауада 3 сағатқа жуық өмір сүруге қабілетті. Ал көшелер мен қоғамдық орындарда, түрлі заттардың бетінде қауіпті індеттің вирусы 48 сағат тұрып, жанасқан адамға ауа-тамшы арқылы жұғуы мүмкін екен. Сондықтан көшелер мен қоғамдық орындарды дезинфекциялау – коронавируске қарсы күрестің маңызды бөлігі.
Айта кетейік, бұл жұмыстарға төтеншеліктердің жеке құрамынан 30 адам және 5 бірлік техника тартылған.
Дәл қазір Орал қаласындағы темір жол вокзалына қарама-қарсы Чапаев алаңы мен Тұңғыш Президент алаңында дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Батыс Қазақстан