Олар 2 апта ішінде үй карантинінде болады.
Соңғы екі күні коронавирус анықталған науқастар ауруханаға жатқызылды. Науқастармен байланыста болған адамдар іздестіріліп жатыр.
«Зертханалық жолмен коронавирус жұқтырғаны анықталған 10 науқас бүгін үйлеріне жіберіледі. Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, Ешқандай шағымдары жоқ. Зертханада екі рет қайталап тексерілді. Олар ауруханадан шыққан соң екі апта бойы үй жағдайындағы карантинде болады» деді Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.
Айта кету керек, коронавирустан 15 адам емделіп шықты. Оның 13-і – елордада, 2-еуі – Алматы қаласында.