28 Тамыз, 2013

Тұңғыш толық автоматты сүт зауыты салынады

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы тұңғыш толық автоматтандырылған сүт зауыты Талдықорған қаласында салынғалы жатыр. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтеретін заманауи өндіріс орнының жобасы «Даму» қорының өңірлік филиалы арқылы жүзеге асырылады.

Қордың мәліметінше, жо­баның негізгі міндеті – Жетісу өңірінің орталығындағы қала­лық сүт зауытының құры­лысын салып, жаңғырту болып табылады. Бұл толығымен автоматтандырылған режімде сүт өңдеуге есептелген Қа­зақстандағы алғашқы зауыт болады. Сонымен қатар, компанияның еншілес ұйым­дары субсидия ала отырып, лизингіге сүт жинауға арналған тіркемесі бар автоцистерна мен дайын өнімдерді тасымалдауға арналған автокөліктер сатып алды.

Қаладағы «JLC Сүт» се­рік­тестігі – 2011 жылы 22 тамыз­да құрылған «Компания Фуд­Мастер-Айс Крим» ЖШС-ның еншілес кәсіпорны. Қазіргі таңда компания Орта Азия өңірінде балмұздақ өндіретін ең ірі зауыттардың бірі болып отыр.

Сейітжан ҚҰЛЫМБАЙ.