Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

Маңғыстау: Соңғы екі айда әйелдерге қатысты 676 тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалды

608 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері әйелдердің конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау: Соңғы екі айда әйелдерге қатысты 676 тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалды

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар қызғаныштың, отбасылық жанжалдың, психикалық аурулардан зардап шегетін аурулардың асқынуының салдарынан, сондай-ақ алкоголь ішімдіктері мен есірткі заттарын пайдалану нәтижесінде орын алады. Маңғыстауда ағымдағы жылдың 2 айында әйелдерге қатысты 676 тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалды. Әкімшілік жауапкершілікке 274 адам тартылды. Зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 594 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

ҚР ӘҚБтК 461-бабы бойынша «қорғау нұсқамасын» бұзған тұлғаларға қатысты  29 әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Сот тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу туралы  53 «ерекше талаптарды», яғни өтінішті қанағаттандырды. 81 ата-ана немесе оларды алмастыратын, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамайтын тұлғаларға қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасайтын, яғни «қолайсыз отбасы» ретінде есепте тұрған адамдар анықталды.

Бұдан басқа, халықтың, балалардың және олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру және республикалық деңгейде дәлелді мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында жыл сайын мүдделі мемлекеттік органдар, «Нұр Отан» партиясы, үкіметтік емес ұйымдармен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен жедел-профилактикалық іс-шаралар мен акциялар өткізіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою бөлігінде «ҚР ӘҚБтК» түзетулер енгізу бойынша отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақтау қаласының 22 шағын ауданының 100А ғимаратында орналасқан «РАЙ» дағдарыс орталығында «№2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы», «Арнайы әлеуметтік зардап шеккен әйелдер тұратын орталық» тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының әлеуметтік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әлеуметтік көмек, өз құқықтары туралы құқықтық кеңес алады, сондай-ақ жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құқық бұзушыларға шаралар қабылданды.

 

Маңғыстау облысы