Қалаға азық-түліктің 90 пайызы сырттан, соның ішінде 50% Ресейден тасымалданады. Қазірдің өзінде өңірдегі барлық көтерме сауда жеткізушілеріне азық-түлік тауарларының басым бөлігі жаңа бағамен жеткізілді.
Мысалы, Ресейден тауық еті 21%, қант 30%, көкөніс өнімдері 15-20% өсіммен сауда орындарына келді, сондай-ақ республикамыздың басқа облыстарынан сиыр еті – 11%, күнбағыс майы – 9%, күріш –15%, қарақұмық 15% өсіммен келуде.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында, ағымдағы жылы әкімдік, бәсекелестікті қорғау мен дамыту департаменті, сауда орындары мен көтерме сауда жеткізушілер арасында төрт жақты меморандум жасақталды. Осыған сәйкес, бағаның қымбаттауына кешенді талдау жүргізу үшін өкілетті органға тиісті хат жолданды.
Қала халқын картоп, сәбіз, жуа және қырыққабатпен қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорынан 100 млн теңге бөлінген. Көкөністерді тасымалдау қызметін ұсынған бес кәсіпкермен «Каспий» ӘКК арқылы келісім шарт жасалған.
Маңғыстау облысы