Коронавирус • 28 Наурыз, 2020

Массачусетс технологиялық институтының (MIT) зерттеушілері коронавирустың ізін кеспек

245 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Денсаулық саласында қызмет ететін лауазымды тұлғалар мен ғалымдар вирустың таралуы сараптама жүргізу мен індетті жұқтырған науқастармен байланыста болған адамдарды анықтаумен тығыз байланысты екенін түсініп отыр. Оңтүстік Корея мен Қытайда үкімет вирус жұқтырғандарды анықтап, емдеу үшін тұрғындарды бақылайтын арнайы құрылғылар қолданған.

Массачусетс технологиялық институтының (MIT) зерттеушілері коронавирустың ізін кеспек

MIT ұсынып отырған жобаның сәтті шығуы қатысушылардың көбірек болуына байланысты болып отыр. Ал АҚШ-та бұл қазір мүмкін бе белгісіз.

Массачусетс технологиялық институтының (MIT) зерттеушілері Private Kit  қосымшасы арқылы көбірек дерек жинау үшін Mayo Clinic секілді ірі технологиялық компаниялармен, денсаулық сақтау жүйесімен және «Үлкен төрттікке» кіретін Ernst&Young аудит фирмасымен байланыс орнатуда. Жобаға Facebook Inc. компаниясының бұрынғы жетекшісі, Google X компаниясының Alphabet Inc. холдингінде қызмет еткен Рамеш Раскар жетекшілік етеді. Facebook-тің бірнеше инженері де бұл жобаны дамытуға қатысып жатыр.          

«Індеттің таралуының алдын алу – бұл сандардың ойыны. Бұл барлығын карантинге орналастыру деген сөз емес»,- деді компьютер ғылымдар саласында докторлық дәрежесі бар Раскар мырза.

«Үлгілер тіпті вирустың 10 пайыздық таралу кезінде де жағдайды бақылауға алуға болатынын көрсетеді». Ол вирус таралғанға дейін адамдардың байланысын қадағалау стратегиясын әзірлеу де өте маңызды екенін айтты. «Бірақ Нью-Йоркте, бәлкім, тым кеш» екенін атап өтті.

Facebook пен Google Ақ үймен бірлесе отырып вирус жұқтырғандардың орнын анықтау бағытында жұмыс істеп жатқан компаниялардың қатарында екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, қос компания ел үкіметімен бірге пандемияның салдарын жеңілдетуге көмектесетін шешімдерді әзірлеумен айналысып жатыр.

Кейбір елдерде тиімді болған қадағалау құралдары демократиялық елдерде құпиялық тұрғысында мәселе туғызбай қоймайды. Бұл технологиялық компаниялар үшін үлкен қиындық тудыруда. Ең үлкен мәселе адамдардың локациясын анықтау қолданушылардың рұқсатынсыз орындалатыны болып тұр.

Массачусетс технологиялық институтының зерттеушілері мен олардың серіктестері бұл жаңа жоба жоғарыдағы мәселелерді шешетінін айтады. Жаңа технология адамдардың жеке дерегін жарияламай, қолданушылардың өздеріне хабарлау мүмкіндігін ұсынады. Бразилия мен Тайвань үкіметтері ұқсас үлгілерді пайдаланады.

Covid-19 диагнозы анықталған адамдардың тұратын жерін денсаулық сақтау саласының қызметкерлері немесе үкіметтік мекемелер жүктейді, бірақ олар өзге ақпаратты көре аламайды.

Private Kit қосымшасы вирус жұқтырған адамдар мен өзгелерден телефонда Google картаға өздерінің тұрған жерін белгілеуді сұрайды. Жаңадан қосылған қолданушылар да өз локацияларын көрсетулері керек. Осылайша қосымшаға жүктелген мәліметтен вирус жұқтырғандардың қайда көп екенін көруге болады. Жаңа технология вирус анықталған адамның қасында кетіп бара жатқаныңызды да көрсетеді.    

 

Дуглас Белкин, Кирстен Гринд

Wall Street Journal

Аударған Меруерт БҮРКІТБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»