Әлем • 28 Наурыз, 2020

Кремний алқабы пандемиямен күреске жұмылады

55 рет көрсетілді

Кремний алқабының технологиялық әлеуеті коронавируспен күресуге жұмылдырылып, ауруды модельдеуден бастап қария кісілерге көмек көрсетіп, медициналық жабдықтарды әзірлеуге дейінгі мәселелерді шешуге талпынып жатыр.

Әйтсе де, тез тарап бара жатқан пандемиямен күресуде инновациялық тәсілді қалай тиімді қолдану әзірге анық емес. Сондай-ақ осы саланың он жылда қоғам кездескен ең үлкен дағдарыспен қалай күресетіні де түсініксіз.

Вирус қазіргі таңда Еуропаны жалмап, АҚШ-та жедел тарап жатыр. Сондықтан кейінгі екі аптада ақпараттық технология саласының мыңдаған еріктісі жүздеген жобаға қатыса бастады. Олардың көбі негізінен эпидемия кезінде алғашқылардың бірі болып карантин жарияланған Сан-Франциско бұғазына мән беріп отыр. Сондай-ақ мыңдаған талантты мамандардың коронавируспен күресуге арналған жобалармен айналысуға мүмкіндік туып тұр.

Мәселен, кей программистер қария кісілерге ас-су жеткізіп беруге арналған бағдарлама құрастырып жатыр. Келесілері дәрігерлерге арналған тұмылдырық әзірлемек. Кремний алқабындағы ең қажетті жобаның бірі үш ай ішінде миллионған арзан желдеткіш жасауға арналған. Оған Сэм Альтман инвестиция құйды. Instagram-ның негізін қалаушылардың бірі Кевин Систром креативті эпидемиологқа айналып, вирустың таралуы ауқымын моделдеп, өз тәжірибесімен бөлісіп келеді.

Монтанадағы үйінде бірнеше апта карантинде отырған К.Систром вирустың таралу ауқымын жобалайтын модель құрастырып, оны интернетте жариялады. Ол өз тәжірибесіне сүйеніп, 19 наурызда АҚШ-та 10 мыңға жуық адам науқастанатынын болжаған еді.

Систромның зерттеуі саясаткерлерге олардың әзірлеген модельдеу жүйесі асығыс әрі қате жасалғанын көрсетіп берді. Оның моделіне сүйенсек, АҚШ-тағы коронавирустың тарауы апта ортасында Қытайда тіркелгендер санынан асып түсіп, келесі аптада 250 мыңға жетеді. Джон Хопкинс университетінің деректеріне сүйенсек, 25 наурызда АҚШ-та 65285 адам вирус жұқтырғаны анықталған.

Көптеген алпауыт компаниялар көмек қолын созуға әзір. Гуглға иелік ететін Alphabet Inc компаниясы DeepMind жасанды интеллект технологиясын вакцина әзірлеуге арнады. Verily бөлімі вирусты зерттеумен айналысып жатыр. Facebook компаниясының бас директоры Марк Цукербергтің қайырымдылық қоры Чан-Цукерберг Сан-Францискода тест жасауды жетілдіру үшін ауруханалармен тізе қосып жұмыс істейді. Ал компанияның өзі дәрігерлерге 720 мың маска берген.

Бұған дейін саясаткерлер, қоғам қайраткерлері технологиялық индустрия саласы өз құзіретін арттырып жібергенін желеу етіп, бірнеше жыл бойы тиісіп келген. Кремний алқабы алпауыттарының мұндай қадамы соған жауап сынды. Facebook, Google және Amazon компаниялары көп ақша тауып, қызметін жақсарту мақсатында адамдардың жеке деректерін жинағаны үшін сынға алынған еді.

Кремний алқабы көмек қолын созуға әзір. Алайда олар керісінше кедергі келтіреді деп есептейтіндер де бар.

«Меніңше, технология жасайтындар әдетте оны шешімнің бір бөлігі деп емес, шешімнің нақ өзі деп санайды. Бұл мәселенің күрделі екенін мойындауымыз керек. Сондықтан сарапшы болуға талпынғаннан, сарапшыларды тыңдаған жөн», дейді Харпер Рид. Ол – компьютерлік технология маманы, Барак Обаманың 2012 жылғы сайлау кампаниясында техникалық директор лауазымын атқарған.

Кей компаниялардың өкілдері коронавируспен күресуге жұмылу технологияның имиджін қайта қалпына келтіруге көмектеспек.

«Қолымыздан келетіні – жаңа нәрсе ойлап табу, оны жедел тарату. Меніңше, адам өмірін сақтап қалуға көмектесуге мүмкіндігіміз мол және олардың көзқарасын өзгерте аламыз», дейді миллиондаған желдеткіш шығарумен айналысатын стартаптың директоры Нил Танедар.

Жоба Альтман негізін қалаған, вируспен күреске арналған жобалар басын біріктіретін helpwithcovid.com сайтынан басталды. Бұл – ондаған жобаның бірі. Өйткені қазіргі таңда АҚШ-тың ауруханаларында өндірушілер шығаратын желдеткіштерден жүз мыңнан аса өнім керек екені анық аңғарылды.

Н.Танедар бірде түн ішінде осы сайтты көріп қалып, Альтманға хат жазғаннан кейін бұл жобаның құрамына енді. Оның сөзіне қарағанда, желдеткіштерді жеке кәсіпкерлер мен шағын кәсіпорындар да жаппай шығара алады.

Тамақ өндірісі мен медицина өнімдерінің сапасын санитарлық бақылау басқармасы (Food and Drug Administration) коронавирусты емдеуге арналған желдеткіштер мен басқа да медициналық құрылғыларға қойылатын талаптарын жеңілдетсе де, Кремний алқабы медицина жабдықтарын жасауға рұқсат алып-алмауы белгісіз. Басқарма өкілі біздің сауалымызға жауап берген жоқ.

Кей стартаптар Covid-19 тестін үйден жасауды ұсынып отыр. Nurx Inc компаниясы пошта арқылы тууды бақылау қызметін ұсынса, Everlywell Inc және Curative Inc компаниялары медициналық тесті үйден жасауға күш салады. Әйтсе де, Тамақ өндірісі мен медицина өнімдерінің сапасын санитарлық бақылау басқармасы басшысы ауысып, тесті үйден жасауға тыйым салынғандықтан, компания өз жұмысын тоқтатты.

Кремний алқабының кей компаниялары пандемия аяқталған соң не істеуге болатынына бас қатырып жатыр. Google Maps және Alphabet Inc компаниясының географикалық өнімдер бөлімінің бұрынғы атқарушы директоры Брайан МакКлендон смартфонға арналған денсаулықты бақылайтын бағдарлама құрастырмақ. Ол жаңа бағдарлама адамдар вирус жұқтырып алудан қорықпау, күнделікті тіршілігін жалғастыруға мүмкіндік береді деп үміттенеді.

Бұл бастама Джордж Оруэллдің шығармасымен үндес. Алайда Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур және Тайвань азаматтарды бақылауға арналған құралдарды қолданып жатыр. Сау адам мен науқасты айыруға арналған бұл қадам вирустың таралуын бәсеңдетуге көмектесті.

МакКлендонның жобасы бойынша, денсаулықты бақылауға арналған технология адамдардың жеке деректерін қорғаудың бірнеше қадамын қарастырады. Оның айтуынша, өнімді қоғамға ұсынбас бұрын басқа да мамандармен ақылдасып, бағдарламаны жетілдіру қажет.

Гуглдың бұрынғы қызметкері Макс Хендерсон бірнеше айдан бері коронавируспен күресудің моделін жасап шықты. Осы айдан бастап ол ғалымдар, инженерлер, эпидемиологтар және басқа да мамандармен бірлесіп жұмыс істей бастаған. Өткен жұмада Covid-19-дың таралуына ауруханалар қаншалықты әзір екенін анықтайтын бағдарлама іске қосты.

«Ешкім бұл модель мүлтіксіз деп айта алмайды. Егер оны жетілдіруге бар күшті сарп етсек, кеш болып кетуі мүмкін», дейді Хендерсон. Сондықтан 18 адамнан тұратын топ қазірдің өзінде бар-күшін осы бағдарламаға арнаған.

 

Аса Фитч, Рольфе Винклер, Дипа Ситхараман

Wall Street Journal

Аударған Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин ауруханаға түсті

Аймақтар • Бүгін, 11:55

Черногориямен ойнайды

Футбол • Бүгін, 07:55

Ұлт аспабы ұлықталды

Руханият • Бүгін, 07:54

Табиғат-ананы бүлдірмес болар...

Руханият • Бүгін, 07:46

Көп қарға мен ақ қарға

Экология • Бүгін, 07:45

Індет, індетпен күрес – міндет!

Медицина • Бүгін, 07:39

Қала рухы

Руханият • Бүгін, 07:37

Абайдың еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 07:30

Жанға сая жасыл белдеу

Экология • Бүгін, 07:13

Астанадан қанат қаққан...

Руханият • Бүгін, 07:08

Екі ақынның жырындағы елорда

Руханият • Бүгін, 07:01

Мерейі үстем Малика

Өнер • Бүгін, 06:40

Біз – волонтерміз!

Қоғам • Бүгін, 06:40

Ұқсас жаңалықтар