28 Тамыз, 2013

Келіншек 14 жыл бұрын ағасын өлтіргенін мойындады

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында тұратын бір әйел бұдан 14 жыл бұрын туған ағатайын бауыздап өлтіргенін мойындады. Бұл туралы «Уральская неделя» апталығы хабарлады.

 

Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында тұратын бір әйел бұдан 14 жыл бұрын туған ағатайын бауыздап өлтіргенін мойындады. Бұл туралы «Уральская неделя» апталығы хабарлады.

Тамыздың 20-сы күні 31 жастағы бір әйел Орал қаласындағы Шаған полиция бөліміне келіп, өзінің бұдан 14 жыл бұрын туған ағатайын бауыздап өлтіргенін баяндап береді. Полицейлердің сөзіне қарағанда, келіншек 1999 жылдың көктемінде, жасы 17-де кезінде өзінің 41 жастағы аға­йының тамағын пышақпен орып жіберу арқылы өлтірген болып шықты. Осыдан кейін мәйіттің үстіне солярка құйып өртейді. Қыз сосын қаңқаны ауылдағы бір әжетхананың ішіне апарып тас­тайды.

Құқық қорғаушылар бойжет­кеннің неге мұндай қадамға бар­ғанын да анықтайды. Сөйтсе, қызға туған нағашы болып келетін ағасы сол кезде бұлармен бір үйде тұрған екен. Сол күні үйдегілердің бәрі бір жаққа кетіп қалады да, екеуі оңаша қалады. Осының алдында ғана түрмеден босап келген 41 жастағы еркек жас қызға тиіседі. Осы арпалыстың кезінде қыз ағасының тамағын орып жібереді.  

Келіншектің айтуынан кейін полицейлер аталған орынды барып тексереді. Ливкино кентіндегі әжетхананың 1,5 метр тереңдігінен шынында да адамның қаңқасы шығады. Ол сосын сараптамаға жіберіледі.

Полиция жас әйелдің қалыпты өмір сүріп жатқан адам екенін де мәлімдеп отыр. Оның бүгінде 4 баласы бар. Әзірге оған ешқайда кетіп қалмау шарасы қолданылып отыр.

Қылмыстық іс тексеріліп жатыр.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.