120 Гц жиілікпен жыпылықтайтын 6,7 дүймдік дисплейдің үстіңгі рамкасына барлық сенсорлар сыйып кеткен. Онда 12 мегапикселдік камера, инфрақызыл камера, жақындау датчигі, нүктелік проектор, микрофон орналасқан. Оң жағында SIM-карт слоты мен бүйірлік кнопка болса, ал сол жағында дауыс реттегіш және дыбыссыз режим кнопкалары бар.
Сыбыстарға сенсек, iPhone 12 Pro-ға жақында ғана шыққан Apple A14 атты 5 нанометрлік чипсет қойылады. Жедел жады 6 Гб болады. ToF датчигі бар.
Презентацияға келсек, ол жылдағыдай қыркүйекте емес, коронавирус кесірінен қазанда өтуі мүмкін.