Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

Маңғыстауда көлік қатынастарына шектеу қойылды

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық ақпараттық қызмет хабарлады.

Маңғыстауда көлік қатынастарына шектеу қойылды

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Е. Сыдымановтың қаулысымен жол қатынасына қатысты өңірде 2020 жылдың 30 наурызынан бастап мынадай шектеу шаралары енгізілді:

«Ақтау-Жаңаөзен-Ақтау», «Ақтау-Тұщықұдық-Шебір-Ақтау», «Ақтау-Ақшұқыр-Ақтау», «Ақтау-С.Шапағатов-Ақтау», «Шетпе-Жаңаөзен-Шетпе», «Бейнеу-Атырау-Бейнеу», «Боранқұл-Құлсары-Боранқұл» бағыттарындағы қалааралық автомаршрут қозғалыстарына;

Адамдармен жақын байланысатын интернет және ойын клубтары мен өзге де халыққа қызмет көрсететін орындарға;

657/658 «Маңғыстау-Бейнеу» бағытындағы пойызының жүруіне шектеу қойылды.

 

Маңғыстау облысы