Әлем • 29 Наурыз, 2020

АҚШ-та бір тәулік ішінде 20 мың адам вирус жұқтырды

640 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

worldometers.info сайтының мәліметтері бойынша,  29 наурызда әлемде  Covid-19 инфекциясын жұқтырудың 663 мың жағдайы тіркелді. Оның 142 мыңы сауығып, 30 мыңнан астамы көз жұмды.

АҚШ-та бір тәулік ішінде 20 мың адам вирус жұқтырды

Коронавирус АҚШ-та өте жоғары жылдамдықпен таралуда: өткен тәулік ішінде ресми түрде 19,5 мың жаңа жұқтыру оқиғасы анықталды. Мұндай қарқынмен ауру әлемнің ешбір елінде таралмаған болатын.

Айта кету керек, АҚШ-та карантин енгізілген жоқ. Статистика бойынша, Нью-Йорк штатында әрбір 17 минут сайын коронавирус жұқтырған адам қайтыс болғанына қарамастан, бұл қалада да қозғалысқа ешқандай шектеу қойылмады.

ккк

Италия, Испания, Франция және Германияда күн сайын 5-6 мың адам вирус жұқтырады. Италия мен Испанияда тәулігіне 800-900 адам індеттің құрбанына айналып жатыр. Германия науқастардың саны бойынша бесінші орында тұрғанына қарамастан салыстырмалы түрде қайтыс болғандар саны  аз. 

Қытай мен Оңтүстік Кореяда жағдай тұрақты:  өткен тәулікте Қытайда 3 адам, Кореяда 5 адам қаза тапты.

Үндістан билігі жаппай карантин жариялаған. Қазір бұл елде науқастар саны 1000-ға жетті.

 

Соңғы жаңалықтар

Таразда екі зауыт іске қосылды

Өндіріс • Бүгін, 08:20

Жартастарға жазылған тарих

Көрме • Бүгін, 08:17

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:10

Эйфман қойылымы – Астанада

Театр • Бүгін, 08:05

Айға аттанар күн жақын

Әлем • Бүгін, 08:00

Зерлеп тігу шебері

Мирас • Бүгін, 07:55