– Президентіміз бастаған акция әзір еліміз бойынша қолдау табуда. Кәсіпкер ретінде менде қолымнан келгенше көмек көрсеттім. Алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Осы орайда жанға араша болып еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс білдіремін,- деді кәсіпкер Ұлан Сәрпеков.
Ауданағы жұқпалы аурулар бөлімінің қызметкерлері бүгінге дейін карантинде жатқан 197 адамдарға қызмет көрсеткен. Қазір барлығы бақылауда.
Жалпы, Панфилов ауданына қазір екі санитарлық бекет жұмыс істеп тұр. 24 сағат жұмыс істеп жатқан арнайы мамандарға аудан әкімдігінің қызметкерлері ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, қолдау көрсетуде.
Алматы облысы