Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Маңғыстауда коронавирус жұқтырған азаматтың денсаулығы қалыпты

624 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қаласының бас-санитар дәрігері Асима Жарылғасова мәлімдеді.

Маңғыстауда коронавирус жұқтырған азаматтың денсаулығы қалыпты

Қазіргі таңда аталған вирусты жұқтырған бір адамның денсаулығы қалыпты, өзін жақсы сезінеді. Ол бірден арнайы боксқа оқшауланған. Науқаспен бортта бірге болған жолаушылар да бірден карантинге жатқызылып, тиісті шаралар қабылданған.

Бұған дейін Маңғыстауда бір азаматтан коронавирус анықталғандығын, 47 жастағы ол жігіттің Ыстамбұл-Ақтау рейсімен ұшып келіп, Ақтау халықаралық әуежайына қонған Орал өңірінің азаматы екендігі жайлы хабарланған болатын.

Маңғыстау облысы