Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

31 наурыз сағат 22.00-ден бастап Қостанай облысының аумағына кіруге шектеу қойылады

806 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен індеттің алдын алу жөніндегі штабтың шұғыл отырысы өтті. Кеңес отырысында коронавирустық инфекцияға жол бермеу шараларын күшейту туралы шешім қабылданды.

31 наурыз сағат 22.00-ден бастап Қостанай облысының аумағына кіруге шектеу қойылады

-  31 наурызда сағат 22.00-ден бастап 10 өткізу бекетін қою арқылы, Қостанай облысының аумағына кіруге шектеу енгізу туралы шешім қабылданды, -  деді облыс әкімі.

Артынша жергілікті полиция қызметінің бастығы Құрмет Мәжікенов  облыс аумағына кіреберіс жолдарға қойылатын блок-бекет тосқауылдары туралы түсіндірді.  - Бастысы, алдағы күндері қолға алынатын шектеу шараларын карантинмен шатастырып алмаңыздар. Бұл шектеулер облыс тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалып жатыр, - деген Құрмет Мәжікенов  облыс аумағына кіруге және шығуға бірдей шектеу қойылатынын айтты. Бірақ облыс ішіндегі автокөлік қозғалысы тоқтамайды.


БЛОК-БЕКЕТ ТОСҚАУЫЛДАРЫ ҚАЙ ЖЕРГЕ ҚОЙЫЛАДЫ?

 

Блок-бекет

Орны

№7 блок-бекет

Алматы-Екатеринбург автожолының 374-шақырымы, «Қайрақ» шекара бекеті;

 

№8 блок-бекет

Қостанай-Қорған автожолының 180-шақырымы, «Обаған» шекара бекеті;

 

№9 блок-бекет

Қостанай-Мамлютин автожолының 245-шақырымы, Ұзынкөл ауданының Троебрат ауылы маңы;

 

№10 блок-бекет

Алматы- Екатеринбург автожолының 722-шақырымы,

Сарыкөл ауданының Севастополь ауылы маңы;

№11 блок-бекет

Қостанай-Сұрған тас жолының 232 шақырымында Ақмола облысы шекарасы;

№12 блок-бекет

Жезқазған-Петропавл тас жолының 372 шақырымы;

№13 блок-бекет

Жезқазған-Петропавл тас жолының 300-шақырымы;

№14 блок-бекет

Торғай тас жолының 85-шақырымы, Ақтөбе облысы шекарасында, Ақшығанақ ауылы маңы;

№15 блок-бекет

Қостанай-Қарабұтақ автожолының 239 шақырымы, Қамысты ауданы Жайылма ауылы маңы;

№16 блок-бекет

Денисов автожолының 100-шақырымы, Ресеймен шектесетін тұсында, Жітіқара ауданының «Қондыбай»  шекара бекеті

 

 

Қостанай облысы