Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

Шымкентте 285 мың дана бетперде таратылды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдай штабы хабарлайды. 

Шымкентте 285 мың дана бетперде таратылды

«Бұл бетперделердің барлығы Шымкент қаласындағы жергілікті кәсіпорындарда тігілген. Мұнан бөлек қала аумағындағы дәріханаларға жергілікті жерде өндірілген 185 мың дана бетперде түсті. Тиісті органдар бетперде бағасының негізсіз қымбаттамауын қадағалап отыр», дейді төтенше жағдай штабының өкілдері. 

Жергілікті әкімдік жанынан құрылған арнайы топ  індеттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін әрбір азаматқа көшеге шыққанда, қоғамдық көліктерге мінгенде және басқа да көпшілік орындарға барғанда міндетті түрде бетперде тағып, сақтық шараларын мұқият орындау керектігін ескертуде. 

Қазіргі таңда қала әкімдігі жергілікті кәсіпорындармен бірлесе отырып медициналық бетперде өндірісін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.    

 

 

Шымкент 

Соңғы жаңалықтар