Бас санитардың айтуынша, айдың ең соңғы күні кешкі 22.00-ден бастап Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарына жолаушылар қатынасы үзіледі. Ал ем алуға баратындар белгіленген тәртіп бойынша ғана жіберіледі. Сондай-ақ, ауыл арасында қатынайтын автобустар мен шағын автобустар мүлде тоқтатылады. Ресейге шығатын жүк көліктеріне де тыйым салынады.
Енді қала тұрғындары түнгі 22.00-ден кейін сыртқа аса қажет болған жағдайда ғана шығуы тиіс. Қаулы 31 наурыз күні сағат 22.00-ден бастап күшіне енеді.
Қостанай облысы