18:23
Израиль Премьер-министрінің көмекшісі вирус жұқтырды
Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху көмекшісінің коронавирус жұқтырғаны анықталған соң оқшауланды.
70 жастағы көшбасшының 15 наурыз күні тапсырған тест сараптамасы теріс нәтиже берген. Дегенмен оның вирус жұқтырмағанына сенімді болу үшін қайта тест сынамасы алынып, карантинде болады.
Премьер-министрдің вирус жұқтырған шенеунікпен соңғы уақытта байланыста болмағаны белгілі. Израильдің өзге де билік өкілдері Covid-19 вирусына тексеріледі.
Қазір елде барлығы 4347 жағдай тіркелген. Індеттен 16 тұрғын қаза болған, 134-і айыққан.
17:10
Токио 2021: Олимпиаданың өтетін күні белгілі болды
Токио олимпиадасы келесі жылы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтетін болды.
2020 жылғы Олимпиада ойындары жапон астанасында 24 шілдеден 9 тамызға дейін өтуі тиіс еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты ойын тарихта алғаш рет кейінге қалдырылды.
Жарыстың өту күндерін бүгін Халықаралық Олимпиада комитеті мен жергілікті ұйымдастырушылар белгіледі.
1916, 1940 and 1944 жылғы Жазғы ойындар болмағанымен, осыған дейін 41 рет өткен Олимпиада ешқашан кейінге қалдырылмаған.
Токиодағы Олимпиада тарихтағы ең ірі ойын болуға тиіс еді. Егер бағдарлама келесі жылы да өзгермесе, 33 спорт түрі бойынша 339 жарысқа 10 000-нан астам спортшы қатысады.
16:45
15:55
Джек Ма Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетеді
Қытайлық Alibaba компаниясының басшысы Джек Маның қайырымдылық қоры бірқатар мемлекетке коронавируспен күресте көмек көрсетіп келеді. Жақында қор өкілдері мұндай көмек Қазақстанға да көрсетілетінін мәлімдеді.
Әзірбайжан, Бутан, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Вьетнам елдері жалпы алғанда 1,7 миллион маска, 165 000 тест, желдеткіштер мен термометрлер, медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныс киімі мен медициналық жабдықтарды өзара бөлісіп алады.
Белгілі кәсіпкер осыған дейін Африка, Латын Америка, Еуропа елдеріне және көршілес Азия мемлекеттеріне осындай көмек көрсеткен.
Сондай-ақ ол Қытай дәрігерлерінің Covid-19 вирусымен күрес тәжірибесін сипаттаған 61 беттік кітапшаның шығуына атсалысты. Әлемнің жеті тіліне аударылған бұл еңбекте медицина мамандарына арналған құнды деректер мен кеңестер бар. Орыс тіліндегі үлгісін төмендегі сілтемеден табуға болады болады.
COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу және емдеу бойынша нұсқаулық
12:00
Еуропаның 7 елі вирус көп таралған ондыққа енді
⚡АҚШ: 143,025
⚡Италия: 97,689
⚡Қытай: 82,152
⚡Испания: 80,110
⚡Германия: 62,435
⚡Франция: 40,723
⚡Иран: 38,309
⚡ Ұлыбритания: 19,784
⚡Швейцария: 14,829
⚡Нидерланд: 10,930
10:42
Карантин бұзғандарға қатаң шара қолданған елдер
Әлемде бірқатар мемлекет карантин ережелерін бұзғандарға қатысты қатаң шара қабылдап жатыр.
Гонконг
Гонконгта 31 жастағы ер адам үй карантинін бұзғаны үшін түрмеге қамалған.
Өзінің тұрғылықты мекен жайы туралы жалған ақпарат берген оған сот үш айға түрмеге қамау туралы шешім шығарған.
Азамат өз кінәсін мойындап, карантинге жатқысы келмегенін айтқан.
Елде карантин ережелерін сақтамағандарға 25,000 Гонконг доллары көлемінде айыппұл салынады немесе 6 айға дейін түрмеге қамалады.
Аустралия
Иорданиядан Сиднейге оралған Аустралия азаматы 14 күндік карантинді бұзғаны үшін қамауға алынған. Ол шетелден келген барлық адамға арналған үй карантинін 24 сағат ішінде үш рет бұзған.
Өңірдің полиция басшысы соттан оған ең ауыр жазамен қатар, Италия мен Испания әскерінің қаза болған адамдардың бейітін тасыған суреттерін көруге мәжбүрлеуді сұрап отыр екен.
Аустралияда ереже бүзғандарға жаза $1000 айыппұлдан басталады. Ал ең ауыр жаза $11000 айыппұл мен 6 айға түрмеге қамауға дейін барады.
Сурет: ААР
09:59
Әлемдегі жағдай қысқаша:
• Токиода бір күнде 68 жағдай тіркелді. Бұл - Жапон астанасы үшін осыған дейін тіркелмеген ең үлкен көрсеткіш.
• Аргентина ел бойынша жарияланған карантинді сәуірдің ортасына дейін ұзартты.
• Нью-Йорк штатында өлім саны 1000-нан асты.
• АҚШ вирус ең көп тараған ел болып отыр, жалпы науқастар саны 142,356
• Италияда коронавиус жұқтырғандар саны Қытайдан асып кетті. Қазір елде 97,689 жағдай тіркелген. Италия АҚШ-тан кейінгі вирус көп тараған екінші ел.
• Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирус жұқтырды