Қоғам • 30 Наурыз, 2020

Бүгіннен бастап медициналық қызметкерлерге тиісті сыйақы беріледі - Бақтияр Мәкен

1024 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде елордадағы әлеуметтік әлсіз топтарға мемлекеттік тұрғыда қолдау көрсетіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді.

Бүгіннен бастап медициналық қызметкерлерге тиісті сыйақы беріледі - Бақтияр Мәкен

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес төтенше жағдай кезінде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және тұрғындардың әлеуметтік осал топтарын қолдау шаралары кеңінен жүргізілуде. Бүгіннен бастап барлық қоғамдық көліктерге тиісті шектеулер қойылып жатыр. Соның ішінде кәсіпорындар мен мекемелер жұмысын уақытша тоқтатты. Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының бұл шешімін  қала тұрғындарының денсаулығын сақтау мен  коронавирус індетінің кеңінен таралуына жол бермеу үшін қабылданды», деді Бақтияр Мәкен.

Бұдан соң, ол қала әкімдігімен қолға алынып жатқан шараларға тоқталып өтті.

«Елорда медицина қызметкерлеріне тиісті қонақүйлер мен көлік берілді. Атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласының стационарларында коронавирус инфекциясын жұқтырған немесе жұқтырған адамдармен тікелей  байланыста болғандар мен жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп оларға жағдай жасау үшін қонақүйлер берілді. Қалалық штаб ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, CTS компаниясының 50-ден астам көлігі берілді.  Сондай-ақ қаланың ауруханалары мен емханаларында жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне тиісті арнайы көлік ұйымдастырылған.  Бұл қызметтердің барлығы тегін»,  деді ол.

Сондай-ақ ол медициналық қызметкерлерге тиісті сыйақы берілетінін айтты.

«Санитарлық-эпидемиологиялық салаларда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін қаржылық қолдау пакетінің белгіленгенін хабарладық. Сол бастаманы біз қолға алып бүгіннен бастап барлық біздің медициналық қызметкерлерге тиісті сыйақы беріледі», деді Б.Мәкен.