Елорда • 30 Наурыз, 2020

Елордаға бір күнде 300 мыңнан астам маска әкелінді - Б.Мәкен

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді.

Елордаға бір күнде 300 мыңнан астам маска әкелінді - Б.Мәкен

«Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін дезинфекциялау шаралары бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Адам көп жиналатын жерлерде ерекше көңіл бөлінеді. Олар: Әлеуметтік нысандар, базарлар, супермаркеттар, балаларға арналған ойын алаңдары т.б тиісті жерлерде дезинфекция жұмыстары өткізіліп жатыр. Қала аумағын ерітіндімен өңдеуге күнделікті 450 адам қатысады. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында диспансерлік есепке алынған онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар, жүкті әйелдер, жасы 65-тен асқан азаматтар маскамен қамтылуда. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық мекемелерге тіркелген тұрғындарды маскамен қамтамасыз ету мақсатында «СК-Фармация» ЖШС-мен бірлесіп, барлық медициналық мекемелер қамтылған. Тағы да айта кетерлігі 22 наурыздан бері елордаға 1 миллионнан астам маска дәріханаларда сатылды. Бүгін тағы 300 мың маска жеткізілді. Олардың бәрі «Еврофарм» дәріханалар желісінде сатылып жатыр» деді Бақтияр Мәкен.