Операция жасалған азаматтың сөзінше, жұмыс кезінде қолы бетон аралыстырғышқа қысылып қалған. Соның салдарынан оң қолының сүйектері майдаланып, ауыр халде жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілген. Медицина мамандары жас жігіттің өмірін аман алып қалу үшін шұғыл түрде ота жасап, қолының майдаланған сүйектерін жинап берді.
Бірінші кезеңдегі операцияда хирургтар жігіттің қолындағы тамырларын тігіп, сүйектерін қайта қалпына келтірген. Мұнан соң, араға бір ай салып, Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының хирургы Мұхит Досыбаевтың жетекшілігімен науқасқа екінші кезеңді күрделі ота жасалды.
Бұл жолы хиругтар жігіттің жарақаттанған қолына пластикалық ота жасаған. Нақтырақ айтқанда дененің басқа жерінен тері алынып, қолына жапсыруға тура келген. Дәрігердің айтуынша, тері жүз пайыз жабысыпты. Науқастың қазіргі жағдайы жақсы.
- 19 ақпан күні жұмыста болған қайғылы жағдай. Алғашқы кезде аман қалам деп ойламадым, қолым шашырап кетті. Дәрігер Мұхит Бастарбайұлы тері алмастыру отасын жасап берді. Қазіргі жағдайым жақсы. Т.Орынбаев атындағы гипербариялық окстгенация орталығының ұжымына алғыс айтамын, - дейді ем алушы жігіт.