Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Қостанай облысы: Қоғамдық орындарда режім тәртібін бұзу белең алып тұр

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция режім тәртібі бойынша талап етілген ережелер Қостанай және Рудный қалаларында жиі бұзылатындығын айтып отыр.

Қостанай облысы: Қоғамдық орындарда режім тәртібін бұзу белең алып тұр

Тәртіп сақшылары сауда нысандары мен қоғамдық тамақтану орындарын тексеру барысында үш  күннің ішінде тәртіп бұзған 144 қоғамдық нысанды анықтаған. Тексеру нәтижесі сатушылар мен даяшылардың көбі жұмыс орнында маска тағып, қолғап киюді білмейтінін көрсетіп отыр. Сондай-ақ көптеген дүкендердің кіреберісіне антисептиктер орнатылмаған, нан-тоқаш өнімдері әлі күнге дейін беті ашық күйде сатылуда.

- 27 наурыздан бері жұмыс орнында маскасыз жүрген  81, қолғап кимеген 21 адам, сондай-ақ, антисептик орнатпаған 35, нан-тоқаш өнімдерін ашық күйде саудалаған 7 дүкен анықталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады   полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қостанай облысы