Қоғам • 30 Наурыз, 2020

«Biz birgemiz» акциясы аясында 3,6 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді - Б.Мәкен

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Biz birgemiz» акциясы аясында 3,6 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

«Biz birgemiz» акциясы аясында 3,6 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді - Б.Мәкен

Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын қолдау мақсатында қалалық еріктілер партияның волонтерлерімен бірлесіп, «Biz birgemiz» акциясының аясында 3,6 мыңнан астам отбасыға, оның ішінде жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының өкілдеріне атаулы көмекті көрсеткен. Карантин кезінде мұндай көмек 5 мыңнан астам отбасыға көрсетіледі деп жоспарлануда. Елордалық еріктілер қаладағы 7 блокпосттың қызметкерлеріне 3,5 мың респираторлық бетпердені таратты. Сонымен қатар қалалық волонтерлер штабының мүшелері полиция қызметкерлерімен бірлесіп, халық арасында, шағын және орта бизнес өкілдеріне карантин режимінің бұзылуына жол бермеуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын  жүргізіп жатыр», - деді Бақтияр Мәкен.  

Бұдан басқа, оның сөзінше, 25 наурыздан бастап елорда волонтерлері медициналық қызметкерлерімен бірлесіп, диспансерлік есепте тұрған егде жастағы азаматтарға дәрі-дәрмектерді үйлеріне жеткізуде.