Коронавирус инфекциясы Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғынынан табылды. Науқас 29 наурызда Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылып, оқшауланған. Ал індет жұқтырған азамат карантин енгізілгенге дейін Алматы қаласындағы емхананың бірінде иық буындарының артритіне байланысты ем қабылдаған. Онымен қарым-қатынаста болған екі адам анықталып, олар провизорлық стационарға карантинге жатқызылды.
Жалпы, бүгінгі тіркелген дерек бойынша Жетісуда індет жұқтырған адам саны жетеуге жетті.
Алматы облысы