«Төтенше жағдай енгізілген сәттен бастап оның шарттарын бұзғаны үшін 32 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 18-іне қатысты әкімшілік қамаққа алу туралы шешім қабылданды. Әкімшілік істердің көпшілігі сауда және қоғамдық тамақтану нысандары иелерінің төтенше жағдай кезінде енгізілген шектеулерді орындамауымен байланысты» делінген прокуратура таратқан мәлімдемеде.
Сондай-ақ карантинге жатқызылған тұлғаның стационардан өз бетімен кетіп қалған оқиға да кездесіпті. Кінәлі тұлғаға әкімшілік айыппұл салынған.
Өңірде медициналық мақсаттағы бұйымдарды сату бойынша 4 фактінің жолы кесілді. Бұған қоса, коронавирусқа байланысты жалған ақпараттар тарату фактілері анықталған.
3 тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен қатар, коронавирусты жұқтырған тұлғаның жеке мәліметтерін таратқаны үшін 1 қылмыстық іс тіркелді.
Прокуратура тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған шараларды түсініп, денсаулық сақтау басқармасы мен полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұрайды.
Батыс Қазақстан